«Ертегілер еліне саяхат» сағаты өткізілді…

Сәтбаев ауылының кітапханасы жас оқырмандарды жазғы уақытында кітап
оқуға баулу мақсатында «Оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында
«Ертегілер еліне саяхат» сағатын өткізілді.
Мұнда кішкентай оқырмандар түрлі ертегі кітаптарын қызықтай оқып,
өз білген ертегілерін әңгімелеп ортаға салды. «Ағаш түбінен қоян күту»,
«Тасбақа мен қоянның жарысы», «Марғаудың балық аулауы» және басқа да
қызықты ертегілер балалардың көңілінен шықты, және ондағы кейіпкерлердің
әрекеттері мен қылықтарын талқылап, өз түйгендерімен бөлісті.