“Менің сүйікті кітабым” атты сыр-сұхбат



Жалғызқайын ауыл кітапханасында “Оқы, талқыла, суретте“ жобасы аясында оқылған кітаптар бойынша “Менің сүйікті кітабым” атты сыр-сұхбат өткізілді. Кішкентай бүлдіршіндер кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, сондағы кейіпкерлердің суреттерін салды. Айтулы шара балаларды кітаппен дос болып, ой-өрістерін кеңейтіп, ана тіліміздің қадір-қасиетіне үңіліп, жетік білуге ынталандыру мақсатында өткізілді.