“Абай — ұлы даланың ұлы ойшылы“ атты поэзия кеші

К.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен,
Абай күніне орай “Абай — ұлы даланың ұлы ойшылы“ атты поэзия кеші
өткізілді. Іс-шараға Облыстық оқыту сауықтыру орталығының балалары
қатысып, Ұлы ақын, халқының рухани көзі, жазушы Абай Құнанбайұлының
өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, шара барысында сұрақтар қойылды,
қатысушылар белсене жауап беріп, білімдерін толықтырды.
Мақсаты: Халқымыздың ғұлама ойшылы ұлы Абай өмірі мен шығармаларына
терең бойлату, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту.
Құрметті оқырмандар қауымы, Сіздерді Абай әлемін танып-білуге шақырамыз.