«Абайды оқы, таңырқа!» кітап көрмесі, поэзия сағаты

Жарылғап ауылының кітапханасында, 10-Тамыз — Абай күніне орай
«Абайды оқы, таңырқа!» кітап көрмесі безендіріліп, әдеби поэзия
сағаты өткізілді. Абай Құнанбайұлы туралы сұрақтар қойылып,
өлеңдері мәнерлеп оқылды. Мақсаты: Оқушының бойына ақыл мен
парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін насихаттау.
Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін
тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.