Егіндібұлақ ауыл кітапханасы және ауылдық клубтың бірлесе ұйымдастыруымен
«Кешкі кітапхана» жобасы аясында жастар күніне орай » Жастар — ел ертеңі»
атты ойын-сауық кеші өткізілді. Бұл кештің мақсаты: ауыл жастарының кешкі
бос уақыттарын тиімді етіп өткізулеріне және де жастардың бір — біріне деген
қарым-қатынасын нығайту достыққа, ұйымшылдыққа баулу, кітапханамен тығыз
байланыста болу және де әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл кеш
барысында кітапханамызда жастар кітап оқып, өздері оқыған кітаптары туралы
айтып ойларымен бөлісе отырды. Ауыл жастарына өлкемізден шыққан дарынды
тұлғаларымыз жайлы мәліметтер беріліп, » Әуенді тап» музыкалық сергіту сәті
болды. Жастарға арналған спорттық ойындар ойнатылды, кешке жиналған жастар
күштерін сынасып, тартысты дода өтті. Артынша жиналған қауымға би кеші
ұйымдастырылды, қатысушылар алғысын білдіріп көңілді тарқасты.