“Жемқорлық індет — күресу міндет” атты пікір сұхбат

Ақсан ауыл кітапханасында “Тәрбиелі адам, тағаланған атпен тең” жобасы аясында
“Жемқорлық індет — күресу міндет” атты пікір сұхбат өткізілді. Сыбайлас жемқорлық
әлемнің барлық елдеріне әсер етіп, ол қоғамның дамуын бұзады, сондықтан сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті түсіндіру бойынша іс — шаралар өткізілуде. Пікір сұхбат
барысында тұрмыстық, іскерлік және т.б. сыбайлас жемқорлық туралы айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — әрбір азаматтың борышы екендігі
туралы түсінік берілді.