Аймауытов ауыл кітапханасында, ҚР Конституция күніне орай «Ата Заң — еліміздің
берік тұғыры» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының
Ата Заңы әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытатын, әр қазақстандық
бұлжытпай орындайтын заңы екені туралы оқырмандарға түсінік беру. Ата Заңымызды
құрметтеп, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке насихаттау.
Еліміздің конституциялық-құқықтық саясатын дәріптеу.