«Ертегі деген әлем бар» атты ойын ассорти өтті

Ертегі сәбидің жан дүниесіндегі барлық жақсылықты оятады, балаларды адамгершілікке,
мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Сонымен қатар кітап
оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық
қабілетін дамытады. Осы мақсатта Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар
әдебиет бөлімінде «Ертегі деген әлем бар» атты ойын ассорти өтті.
Іс шара барысында балалар тапсырмаларды бар ынтасымен өте қызықты орындады.
Әдемі ертегілерді есте сақтауға берілген викторина тапсырмалары көмектесті,
сонымен қатар балалар суреттер арқылы жасырылған ертегі кейіпкерлерін анықтады.