Егіндібұлақ, Ақши, Ж.Аймауытов ауыл кітапханаларында “Туған өлкемнің шексіз тарихы”
жобасы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай
кітапханамыздың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Қазақтың көрнекті жазушысы” атты
әдеби сағат өткізілді. Қазақ әдебиеті тарихында өлмейтін, құнды туындылар жазып қалдырған
көрнекті қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытов қысқа ғұмырында “Ақбілек”, “Қартқожа”,
“Күнекейдің жазығы” секілді қаламынан тудырған туындыларын халыққа бай мұра етіп қалдырды.
Осы іс — шара барысында жас ұрпаққа қазақтың ұлтжанды тұлғасы, кеңестік қуғын-сүргін
құрбаны болған Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы туралы мәліметтер беріліп, көрнекті
туындыларының бірі “Ақбілек” романына арқау болған сол кездің қиын — қыстау кезеңдегі
әйелдердің ауыр тағдырын сипаттайтын шығармасын ортаға салып талқылап, оқырмандар
ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жазушыға арналып дайындалған кітап көрмесіне шолу
жасалып, шығармалары дәріптелді.