Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Балақайды кітаппен достастыру» атты әдеби ойыны өткізілді.
Шараның мақсаты: Әдеби ойын оқырмандарын көкжиегін кеңейтеді, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырады. Ізденімпаздыққа баулу, дұрыс шешім қабылдай алу сияқты қабілеттерді дамыту.
Шара барысында оқырмандарымыз тапқыр және алғыр тобы болып екі топқа бөлінді. Әдеби ойын 5 — кезеңнен тұрады.
1- кезең- Мақал сөздің мәйегі
2- кезең- Мимика
3- кезең- Бәйге ( сұрақ жауап)
4- кезең-» Сөз құра, тез құра»
5- кезең- Күлдіргі жұмбақтар
Балалар әдеби ойын сұрақтарына белсенді жауап берді. Екі тобымыз да тапқырлықтары мен алғырлықтарын көрсетті .