Торайғыр ауыл кітапханасында «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы бойынша,
«Туған жердің жүрегінде тұғырың» атты саяхат сағаты, Сұлтанмахмұт Торайғыров
атындағы мемориалдық музейі мен «Өлкетану» музейіне «Өлкетану» үйірмесінің
мүшелері қатысуымен өткізілді. Оқырмандардың туған жерге, туған ауылға деген
сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін дәріптеу мақсатында туған ауылдың өткен
тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын
оқырмандар көзімен болжау. Бабаларымыздың өмір жолын дәріптейтін, ерекше
құрметке ие сан ғасырлық тарихы бар киелі өлкелердің тарихын, мәдени мұраларын
жас ұрпаққа насихаттап жеткізу.