Бірлік ауыл кітапханасында «Ақжүніс» клубымен «Бүгін, ертең» тақырыбында
қыздармен пікірталас өткізілді. Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен
әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «қыз-қонақ» -деп,
төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала
тәрбиесіне, соның ішінде қыз баланың тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.
Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген
мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты
емес, бүкіл ауыл, ел жауапты деген пікірлер айтылды.