«Қыран елім Қазақстаным» атты дивертисмент кеші

Ұлттық мереке «Республика күні» қарсаңында Қ.Исабаев атындағы орталық
аудандық кітапханада «Қыран елім Қазақстаным» атты дивертисмент кеші өтті.
Аталмыш шараның конағы ретінде «Қазақ аналары — Дәстүрге жол» Республикалық
бірлестігінің төрайымы Жамбы Мәшім мен бірлестік мүшелері, «Асыл әжелер»
тобының мүшелері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары
шақырылып, керемет кештің көркін қыздырды.
Республика күнінің тарихына келсек, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР‐нің
мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясының қабылдануынан бастау алады.
Бұл Қазақ елінің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат еді. Ал 1995
жылы 18 қазаңда Республика күні алғаш рет «ұлттық мереке» ретінде жарияланды.
Кейін 2001 жылы бұл мәртебесі «мемлекеттік мереке» санатына өзгертілді.
Уақыт өте келе 2009 жылдың сәуірінде Республика күні мерекелер қатарынан
алынды. Он жылдан аса аталып өтпеген бұл мереке араға жылдар салып, 2022
жылы президент Қасым‐Жомарт Тоқаевтің Республика күнін қайтаруды ұсынуынан
қайта жаңғырды. Халық қолдауына ие болған президент ұсынысы, дәл осы жылы
заңға енгізіліп, оған «ұлттық мереке» мәртебесі қайта берілді.
Еліміз өркендей берсін, келе жатқан Республика күні баршаңызға құтты болсын!