«Республика ерікті ел — Қазақстан» атты патриоттық сағаты

Қазақстан егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру,
елін сүюге, құрметтеу мақсатында Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапхананың
балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне
орай «Республика ерікті ел — Қазақстан» атты патриоттық сағаты өткізілді.
Аталмыш шараға Ш.Шөкин атындағы мектептің даярлық сыныбының оқушылары қатысты.
Жас оқырмандарымыз патриоттық өлеңдерін оқып, құттықтау тілектерін жеткізді.
Кітапханашылар бұл мерекенің маңызымен мазмұнына ерекше тоқталып, ұйымдастырылған
кітап көрмеге шолу жасады, сондай-ақ, шара қатысушыларымен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындады. Шара барысында
«Менің Қазақстаным» атты бейнеролик көрсетілді. Жас оқырмандарымыз
шарада белсенділік таныта білді.