Қаражар ауыл кітапхансында “Кешкі кітапхана” жобасы аясында
“Мен оқыған бір кітап” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс‐шараның мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,
кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы
жайлы түсіндіру, әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген
сүйіспеншілігін арттыру. Шара барысында оқырмандарды кітаптың
маңызы және кітаптың шығу тарихымен таныстыра отырып, оқыған
кітаптарының қызықты, мағыналы түйінін айтып, оқырмандардың
кітапқа деген қызығушылығын арттыра отырып, сергіту сәтінде
кітап туралы мақал‐мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, сондай‐ақ,
кітапты бағалай білу, ұқыпты ұстау жайлы кеңестер айтылды.