Егіндібұлақ ауыл кітапханасында жас оқырмандардың қатысуымен қазақ тарихында
қайталанбас өзіндік орны бар ақын, мемлекет қайраткері, Қазақстан жазушылар
Одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай
«Зерделі қаламгер» атты әдеби‐таным сағаты өткізілді. Кеш мақсаты: Жас ұрпаққа
еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын дәріптеу.
Сәкен Сейфуллин өзінің туындылары арқылы қараңғылықтың шырмауында жүрген
қазақ елін білімге үндеп, жарқын болашаққа шақырды. Сол кездің аумалы‐төкпелі
қайғылы оқиғалары ақынның тағдырына қатты әсер етті. Ол өзінің туындыларында
қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс‐тіршілігін қазақ елінің өксіген өмірін анық
суреттеген ақын. Іс‐шара барысында Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің
өмір жолы туралы бейнефильм көрсетіліп, өлеңдері оқылды.