Аймауытов ауыл кітапханасында «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы аясында,
Мемлекет қайраткері, жазушысы, ұстаз, драматург, публицист, ұлттық әдебиетіміздің
классигі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай, «Туған елімнің тұнығы
еді» кітап көрмесі безендіріліп, «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын» атты дөңгелек үстел
өткізілді. Іс‐шара барысында Жүсіпбек Аймауытовтың қысқа ғұмырында қаламынан туған
аса бай, бағалы әдеби туындылары «Ақбілек», «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы» секілді
шығармаларының қай‐қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, жалтақсыз
ұлтжандылығының жарқын айғағы екендігін жеткіншек ұрпақтың бойына сіңіріп, оның
шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге,
оның ақ‐қарасын анықтауға арналғаны туралы түсінік беріліп, шығармаларына шолу жасалды.