«Ұлттық валюта — Теңге күні»

Бүгін ұлттық валютаның айналымға енгеніне 31 жыл. Ал ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші‐ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде. Олар әл‐Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті болатын.

1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн – ұлттық валюта – теңге күні болып саналады.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған — Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

Төл теңге айналымға енгелі бері 31 жылдан астам уақыт өтсе де, ол тұғырлы тәуелсіздіктің, ел егемендігінің символы болып қала бермек. Жыл сайын атап өтілетін Ұлттық валюта күні – соның айғағы.