Торайғыр ауыл кітапханасында Шоң би Едігеұлының туғанына 270 жыл толуына орай
“Шоң — сұлтан, бірақ ірі тұлға” атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың
қатысуымен тарихи сағат өткізілді. Шара барысында, қазақтың көрнекті биі,
Баянауыл сыртқы округінің алғашқы Аға сұлтаны, “Төрт ұлы” одағының төбе биі —
Шоң би Едігеұлының өмірі мен еліне жасаған қызметі, жан-жақты бекзат болмысы
туралы айтылып, оқырмандар өлеңдерін оқыды. Шоң би — өте беделді, кемеңгер дана,
елдің бірлігін сақтаған адам.