“Семей полигоны шерлі шежіре” атты ақпарат сағаты

Ақсан ауыл кітапханасында “Невада — Семей” антиядролық қозғалысының құрылғанына — 35 жыл
толуына байланысты “Семей полигоны шерлі шежіре” атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айту,
Семей ядролық сынақ полигонындағы қатерлі қару зардабынан жазықсыз жапа шеккендер жайында,
полигон сұмдығы жайында әңгімелесу. Шара барысында оқырмандар 40 жыл бойы Семей полигонында
жасалған әуе, жер асты, жер үсті сынақтардың зұламат зардабы жайында, антиядролық
“Невада-Семей” қозғалысының сол кездегі ядролық сынақтарды тоқтатуға қосқан өлшеусіз
жұмысы туралы мол мағлұматтар алып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.