“Халқы деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді” атты әдеби сағаты

Лекер ауыл кітапханасында Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист,
қазақ әдебиетін қалыптастырушыларының бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына
135 жыл толуына орай “Халқы деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді” атты
әдеби сағат өткізілді. Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармаларына
терең түсінік беріп, жас оқырмандарды оқуға тарту.