“Мейірімділік — рухани жан байлығы” атты әдеби кеш

Торайғыр ауыл кітапханасында “Мейірімділікке құштар болайық” жобасы аясында
“Мейірімділік — рухани жан байлығы” атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың
қатысуымен әдеби кеш өткізілді. Шара барысында оқырмандар лебіздерін айтып, ертегі
кейіпкерлерінен мозаика құрастырып, тоғызқұмалақ, шахмат, шашки, қол күрес ойындары ұйымдастырылды. Мақсаты: Өмірге деген құлшыныстарын арттыру, қуаныш сыйлау,
оқырмандарға еңбекқорлықты, қанағатшылықты насихаттау.