Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында “Дәстүр” клубының мүшелерінің қатысуымен жазушы, ақын, драматург Б.Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай “Өнерге ғашық жүрегі” атты әдеби вернисаж өткізілді. Шара барысында көркем жетекшісі А.Қасмағамбетов жазушы шығармашылығының өзгермейтін өзектілігін, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін бейнелеп берді. Сондай-ақ, қатысушылар Б.Майлиның “Ел сыры” атты кітабындағы өлеңдерінен үзінділер оқып, өздерінің пікірлерімен бөлісті