«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты патриоттық кеш

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық
кітапхананың балалар әдебиет бөлімінде «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік» атты патриоттық кеші Ш.Айманов атындағы мектептін
7а сыныбы және З.Ақышев атындағы 6а сынып оқушыларымен өткізілді.

Мақсаты: Оқырмандардың туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға, оқырмандарды
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен
жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама қиындықты бастан кешіп,
қол жеткізген тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге,
Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихы мен осы күнге дейінгі жетістіктерімізді
бейнеролик арқылы баяндалып, «Отаным менің — Қазақстан» атты тәуелсіздікке
байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар жауап беріп өз білімдерін толықтырды.
Шара барысында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесіне
библиографиялық шолу жасалды.