Егіндібұлақ ауыл кітапханасында, балалардың қысқы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану
мақсатында кітапхананың тұрақты жас оқырмандарының қатысуымен «Қызықты кітаптар әлемі»
атты кітаптар әлеміне саяхат сағаты өткізілді.
Жас оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру және де салауатты өмір салтын сақтауға баулу мақсатында
қызықты спорттық ойындар ойнатылды.