«Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» атты әдеби-ойын апталығы

Қысқы демалыс кезінде Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың
балалар әдебиеті бөлімі 2-7 сынып оқушыларымен «Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» атты әдеби-ойын апталығын өткізді. Балаларға «Әжемнің ертегілері», «Кім білгір» әдеби эстафеталары ұйымдастырылды. Ойыншылар ойын алаңында әдеби кейіпкерлердің аттарын тауып, ертегіден сол кейіпкерлер туралы үзінділер оқыды. Іс — шара барысында балалар «Менің сүйікті ертегілерім» тақырыбындағы кітап көрмесінде әзірленген туындылармен танысып, жақсы әсер алып, бос уақыттарын тиімді де пайдалы өткізді.
Балалар «Кел ойнайық!» тақырыбында шахмат, дойбы басқада ойындарды ойнап өздерінің интеллектуалды және спортқа бейім екендерін көрсете білді.