Аймауытов ауыл кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын,
аудармашы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай
“Қазақ поэзиясының пырағы” атты жыр сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Қ.Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы
туралы мағлұмат беріліп, жыр шумақтарынан үзінділер оқылды.
Мақсаты: Қазақ поэзиясында ерекше орын алатын ақын туындыларын
өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, өлеңдерін оқуға насихаттау.