Бірлік ауыл кітапханасында, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы,
тарихшы ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ғылым
академиясының корреспондент‐мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың
туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлттық тарих — ұлттың қорғаны» тақырыбында
тарихи кеш өткізілді.