«Бақытты отбасы» жобасының аясында…

Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі «AMANAT» партиясымен
бірлесе «Бақытты отбасы» жобасының аясында мектеп оқушыларымен қызықты іс‐шара өткізді.

Жоғарыда аталған шара «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында өткізіліп,
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысына арналды.

Топтық сайыс бағытында жүргізілген шарада Ш.Шөкин атындағы мектептің 3 «А» сыныбы белсенділік танытты. Сайыста оқушылар тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беріп, қызықты ойындармен бәске түсті.

Аталмыш шара соңында жеңімпаз оқушыларға демеушілер тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.