Үшқұлын ауыл кітапханасында «Кітап оқып — рухани бай бол» жобасы аясында
«Поэзия патшалығы» атты дауыстап оқу байқауы кішкентай оқырмандардың
қатысуымен өткізілді. Қатысушыларымыз қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп,
дауысап оқыды. Әділ қазы шешімімен 1, 2, 3 орын иегерлері сыйлықтармен
марапатталса, басқа қатысушыларымызға тәттілер таратылды.