Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің
ұйымдастыруымен Ақын, қоғам қайраткері Сәдуақас Шорманұлының туғанына 175 жыл
толуына орай “Елінің енселі тұлғасы” тақырыбындағы кітап көрмесі безендіріліп,
шолу жүргізілді.
Шараның басталар алдында Лекер жалпы негізгі мектебінің 8 сынып оқушыларына
кітапхананың тарихы таныстырылып, оқырмандар назарына ағымдағы жылдың мерейтой
иелеріне арналған көрнекіліктер ұсынылды.
Сәдуақас Шорманұлының өмірі мен шығармашылығынан құнды мәлімет алған оқушылар
Шорман бидің әулетімен жақын танысты. Шара соңында, оқырмандар додэкаэдрда
берілген қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздеріне қосымша ақпарат алды.