Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Ұшқын» бала бақшасының
Ақбота тобында «Ертегілер елінде» атты дауыстап оқу өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға ертегідегі әрбір кейіпкердің сөз мәнерін,
қимыл-қозғалысын келтіріп рөлін сомдап оқылды. Балалар оқылған
ертегілерді мұқият тыңдап қойылған сұрақтарға қызыға жауап берді.
Мақсаты: Ертегілер арқылы балалардың сөздік қорларын молайтып, ертегі
оқуға насихаттау. Кітапқа қызығушылығын арттыру.