“Ғылым саңлағы” атты портрет сағаты

Торайғыр ауыл кітапханасында Ғалым, техника ғылымының докторы, қоғам қайраткері,
жазушы Евней Букетовтың туғанына 100 жыл толуына орай “Ғылым саңлағы” атты
оқырмандардың қатысуымен портрет сағаты өткізілді. Шара барысында Ебіней Бөкетовтың
суреттері қойылып, өмірбаяны мен еңбектері жайлы мағлұматтар мен деректер айтылды.
Ебіней Бөкетов тек қана химия және металлургия саласының үлкен ғалымы емес, сонымен
қатар көрнекті әдебиетші, шебер аудармашы, публицист, сыншы. Ол артынан
көптеген ғылыми еңбектерін қалдырған.