Бүгінгі сән — кітап оқу!

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде
2 Сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Бүгінгі сән — кітап оқу!»
атты Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ ‐нің 2 сынып оқушыларының қатысуымен
балалар кітап апталығының ашылуы өткізілді.
Шара барысында кішкентай оқырмандарымызға «Кітап — ғажайып әлем» атты
үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған кітаптардың ауқымы
кең болды, оқырмандардың талғамына сай: Қазақ халық ертегілері және шетел
ертегілеріне шолу жасалынды. Оқырмандар арнайы ертегі кейіпкерлеріне
әзірленген көрнекіліктерді қолдана отырып, «Бауырсақ»
ертегісінің қойылымын қойды.