Құндыкөл ауыл кітапханасында, Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші
жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш
өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,
ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия) туғанына
190 жыл (1835 — 1865) толуына орай «Шоқтығы биік — Шоқан» атты тарихи
тұлға сағаты өткізілді.
Шара барысында Шоқанның (әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп
айтуымен «Шоқан» аталып кеткен) алғашқы жазып алған шығармаларының
ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры болғаны айтылып және оның өмір
жолы туралы мәліметтер беріліп, кітап кермесі ұйымдастырылып насихатталды.