Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде
«Балалар оқиды және кеңес береді» атты оқырмандар арасындағы оқу конференциясы өтті.
Оқырмандар шара үстінде өздері оқыған сүйікті ертегілерімен бөлісіп, талқылап,
кейіпкерлері бойынша жұмбақтар жасырып, сурет салды.
Конференция соңында, оқырмандарға демеушілер тарапынан әзірленген сыйлықтар
таратылып, Алғыс хаттары табысталды.