Майқайың кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Шағала» балабақшасының
бөбектеріне «Менің сүйікті кітабым» атты ертегілер еліне саяхат сағаты
өткізілді. «Ақбота» тобының бүлдіршіндеріне «Үш көжек» ертегісін оқып
«Үйшік», «Шалқан», «Қызыл телпек» ертегі кітаптарынан қызықты суреттер
көрсетілді. Мақсаты: Балаларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау
ережелерін білуге насихаттау.