“Кітап — білімнің қайнар көзі” атты әдеби композиция

Қаражар ауыл кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай “Кітап — білімнің қайнар көзі” атты
әдеби композиция өткізілді. Мақсаты: жас оқырмандардың кітап оқуға құмарлығын, ой-өрісінің
дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру. Шара барысында “Мақта қыз
бен мысық” ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдап, еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білді.