Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен
1 маусым Халықаралық балалар күніне орай Баянауыл ауданы психологиялық педагогикалық
түзету кабинетінде ерекше балаларға арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты қуанышты әрі
мазмұнды ойын-сауық ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың көңілін көтеріп,
оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, сонымен қатар әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету.
Шара барысында балалармен түрлі ойындар ойнатылып, ертегілермен таныстырылды.
Сонымен қатар, балаларға тәтті сыйлықтар мен естелік сыйлықтары тарту етілді.