«Туым — Елтаңбам, Әнұраным»

4 МАУСЫМ — МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран біздің сонау ғасырлар қойнауынан
сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы,
егемендігіміз еңселі болу үшін біз өз елімізді, туған жерімізді ардақ тұтуымыз
қажет. Ал оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.

Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапханасында ҚР-сы тарихындағы ерекше мәртебелі
күн, яғни Рәміздер күніне орай «Туым — Елтаңбам, Әнұраным» атты көрме ұйымдастырылды.