Ақсан ауыл кітапханасында 4 маусым — ҚР Рәміздер күніне орай «Еліміздің асыл тірегі
рәміздер» атты таным сағаты өткізілді.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азамат үшін басты парыз екенін түсіндіру.
Өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, мемлекеттік Ту, Елтаңба,
Әнұранға деген сезімдерін қалыптастыру.
Іс‐шара барысында Мемлекеттік рәміздер — елдіктің символы, тәуелсіздіктің маңызды
белгісі екендігіне тоқталып, оны кең көлемде пайдалану, қадірлеу, оның мән‐мазмұнын
білу — әрбір қазақстандық азаматтың парызы екені туралы кеңінен насихатталды.
Атаулы күнге орай, оқырмандар назарына Мемлекеттік рәміздер тарихынан
ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді.