«Кітапхана — білімнің күншуғы» атты әдеби танымдық ойыны

Бүгін кітапханамызда «Кітапхана — білімнің күншуғы» атты әдеби танымдық
(ойындар, сұрақ‐жауап, шығармашылық тапсырмалар) ойыны өтті.

Іс‐шара барысында қатысушылар:
✨ Ертегілер әлеміне саяхат жасап, қазақ халық ертегілерінің мазмұны
мен кейіпкерлері туралы білімдерін шыңдады;
Қазақтың көрнекті ақын‐жазушылары жайлы сұрақтарға жауап беріп, олардың
шығармашылығын еске алды;
📖 Кітапхана ережелерімен танысып, кітапхананың тәртібі мен маңызын
жақсырақ түсінді.

Бұл шара оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.
📍 Кітапхана — тек кітап оқитын орын емес, ол — рухани байлықтың бастауы!