Ақсан ауыл кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра — дастан» атты таным сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру.
Аталмыш іс‐шара барысында халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап — домбыра аспабы.
Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті классикалық
шығармалар да орындауға болады. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина,
Дәулеткерей, Тәттімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтанышпен айтамыз.
Домбыра аспабы бір сөзбен айтқанда қазақ халқымен бірге жаралған деп айтуға болады.