«Сүйем сені, Атамекен, туған ел!» поэтикалық тарихи‐танымдық кеш


«Сүйем сені, Атамекен, туған ел!» тақырыбында Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық
кітапхананың ұйымдастыруымен поэтикалық тарихи‐танымдық кеш өткізілді.
Іс‐шараға Баянауыл ауданының «Маңсап орталығы және жұмыспен қамту бөлімінің»
қызметкерлері қатысты.
Туған жер туралы жырлар мен қара сөзбен жазылған шығармалар — әр халықтың
әдебиетінде ерекше орын алатын тақырып.
🕊️ Шара барысында жерге деген сүйіспеншілік, сағыныш сезімі көркем туындылар
арқылы шебер жеткізілді.

«Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!»
— Бәкір Тәжібаев