



Кұндықөл ауыл кітапханасында, ХХ ғасыр басындағы қазақтың көрнекті ақыны, әнші‐композиторы және қоғам қайраткері Мәди Бәпиұлының туғанына 145 жыл (1880-1921) толуына орай «Мәди Бәпиұлы — сегіз қырлы, бір сырлы тұлға» атты өнер сағат өткізілді.
Шара барысында: Мәди Бәпиұлы — қазақ халқының ән майталманы, халық ақыны әрі күрескер әрі композитор. Тарих сахнасында әділетсіздікке қарсы тартысты өмір сүріп, әндері бүгінге дейін қазақтың рухани мұрасында сақталған. Оның шығармалары халық арасында шырқала береді әрі мәдениет пен әдебиетте ерекше орын алады. Мәдидің шығармашылығы әлі толық жинақталмаған. Оның әндері мен өлеңдерін зерттеушілер ретінде А.Қ.Жұбанов пен А.Бектасов аталады, ал Ә.Әбішевтің «Найзағай» романында оның өмірін бейнеленгені туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.