



Кұндықөл ауыл кітапханасында, Қазақтың әйгілі композиторы, жүрекке жылы әндердің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл (1930‐1991) толуына орай «Сағынышқа айналған сазгер» атты өнер сағаты өткізілді.
Шара барысында: Шәмші Қалдаяқовтың әндерінде махаббат, Отанға деген сүйіспеншілік, табиғатқа тамсану сезімдері терең беріледі. Оның әндері бүгінге дейін тойда да, сахнада да, қарапайым дастарханда да шырқалады. Шәмші Қалдаяқов 300 ‐ден астам ән жазғаны туралы мәліметтер беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.