«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…» атты әдеби сайыс


Қ.Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен және де «AMANAT» партиясының демеушілігімен Қазақ ақыны, ағартушысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе…» атты әдеби сайыс өткізілді.

Әдеби шараға Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебі мен Майқайың балалар өнер мектебінің ақындар сыныбының шәкірттері қатысты. Сайыс барысында қатысушылар Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, көркемсөз оқу өнерін сыңға салды.

Әділқазылар шешіміне сәйкес:
• «Бас жүлде» — Қабет Айару;
• 1 орын — Өмірбек Рамазан;
• 2 орын — Қызырбек Қажыгелді, Құлманов Мансұр;
• 3 орын — Ержан Нұрай, Ерзат Бақберді, Мақсұт Нұрислам;
• «Арнайы жүлде» — Әбіл Ералі, Заркеш Имран.

Бақтарын сыңап келген басқа сайыс қатысушыларына алғыс хаттар мен сый‐сияпаттар табысталды.