«Ән аға» атты сазды кеш

Сәтбаев ауыл кітапханасында ҚР Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Ән аға» атты сазды кеші өткізілді. Іс‐шара барысында көрме ұйымдастырылып, жас оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны мен өлеңдері ( Әкелер туралы ой, Ақ бантик, Әнім сен едің, т.б ) таныстырылды.