Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына орай «Әдебиеттегі ерлік пен адамгершілік көрінісі» атты таным сағаты

Қ. Исабаев атындағы аудандық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде қазақтың ардақты жазушысы, майдангер қаламгер Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына орай «Әдебиеттегі ерлік пен адамгершілік көрінісі» атты таным сағаты өтті.

Шара барысында оқырмандарға жазушының өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен әдеби мұрасы жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Қалмұқан Исабаевтың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен бейбіт өмірдегі қаламгерлік қызметі, ел игілігіне сіңірген еңбектері жан-жақты қамтылды.

Кітапхана ішінде қаламгерге арналып жабдықталған арнайы Қ. Исабаев кабинеті бар. Оқырмандар осы кабинетпен танысып, жазушының жеке қолданған заттары, құнды фотосуреттері мен шығармашылығына қатысты деректерді тамашалады. Бұл бөлме қаламгердің рухани әлемінен сыр шертіп, жас ұрпаққа үлкен тағылым беретін қастерлі орынға айналған.

Шараға қатысқан оқушылар мен жасөспірімдер жазушының кітаптарын қызыға оқып, адамгершілік пен ерлік тақырыбын арқау еткен туындыларынан мол әсер алды.