Ұзынбұлақ ауыл кітапханасында жазушы Қалмұқан Исабаевтың «Шоң би» кітабына арналған «Шоң би — елдік пен әділеттің символы» атты кітап талқылау ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолына қысқаша тоқталып, шығарманың тарихи маңызын атап өтті. Тарих пәні мұғалімі оқырмандарға Шоң бидің өмірі, әділеттілігі, ел бірлігі мен сот жүйесіндегі орны туралы мазмұнды мағлұмат ұсынды.
Оқырмандар өз ой‐пікірлерін ортаға салып, тарихи тұлғадан үлгі алу керектігі айтылды.